ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тұрғын велосипедті артқа қарап отырып, айдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Велосипед мінген тұрғынның қылығы әлеуметтік желіде қызу талқылануда.
Видеожазбаға қарағанда, жігіт С.Даумов көшесі мен Еуразия даңғылы қиылысын бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан, қиып өткен.
Әлеуметтік желі қолданушылары видеожазбаға көшемен бұлайша жүрудің қауіпті екендігін айтып, түрлі пікірлерін қалдыруда.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құқық бұзушы анықталған кезде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 599-бабына сәйкес (10 АЕК көлемінде айыппұл) жауапқа тартылатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).