ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда туристер мінген «Хендай» автокөлігі бульдозермен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полициядепартаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңғы сағат 09.21 шамасында Зачаган кентіндеСаратовқа шығар жолда орын алды.
«Хендай» көлігінде1974 жылғы жүргізуші мен оның әйелі болған. Олар Кореядан Қазақстан арқылыРесейге, одан әрі Еуропа елдеріне саяхаттап бара жатыр екен.
Жол апатысалдарынан зардап шеккендер жоқ. Тек көлікке зақым келген.
«Қазіргі кездежол-көлік оқиғасында кімнің кінәлі екендігі анықталу үстінде. Ерлі-зайыптылартек корей тілінде ғана сөйлейді. Ағылшынша шамалы біледі. Мән-жайды нақтылауғабұл да кедергі келтіруде», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне полициядепартаментінің баспасөз қызметінен.
Фото: mgorod.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).