ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында түрмеде 33 жастағы ер адам асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 7 сәуір күні БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/3 мекемесінде болды.
1988 жылғы жазасын өтеуші өзіне-өзі қол жұмсаған.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын мәлім етті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).