Оралда түрмеде жазасын өтеуші киімін шешіп тастап, жалаңаш жүрген
00:50, 20 Мамыр 2025
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы № 28 түзету мекемесінде ер адамның жалаңаш жұмыс істеп жүргені туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.
БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жазасын өтеуші мекеме аумағын абаттандыру және қызмет көрсету бойынша міндетті екі сағаттық жұмыс істеуге келіспеген.
— Қарсылық ретінде жазасын өтеуші киімін шешіп тастаған. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі. Соның нәтижесі бойынша шара қабылданатын болады, — деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түзету мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізбек болғанын жазған едік.