ОРАЛ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Олыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасында кеше, 8 мамыр күні Жеңіс күніне арналған «Ер есімі - ел есінде» атты тыл ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Облыстық мәдениет басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, кеш барысында қазақтың батыр қыздары Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Х.Доспанованың ерліктерінен көрініс тамашаланды.
Тыл ардагерлері Игали Иманғалиев мен Петр Жеребилов сұрапыл күндердегі тылдағы еңбектері туралы айтты.
Кітапхана директоры Ж.Мақасова кітапхана ұжымы атынан ардагерлерге сыйлықтар мен гүл шоқтарын тапсырды.
Сондай-ақ, шара барысында «Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).