ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған үш жасар қызды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құрамында кіші сержант Дәулет Қыдырғалиев пен қатардағы жауынгер бар 5517-әскери бөлімнің тобы қаланың «Солтүстік-шығыс» шағынауданында кешкісін жол бойында қараусыз жүрген үш жасар қызды байқайды.
Барып, жолыққан кезде Нарғыздың адасып жүргені белгілі болды. Ұлттық жауынгерлері кішкентай қызды жақын маңдағы полиция бекетіне тапсырды. Көп ұзамай ол ата-анасының қолына табыс етілді.
Жоғалған қыздың әкесі Серік Азамат 5517-әскери бөлім командирі, подполковник Мақсат Бөлтіріковтің атына хат жазып, жауынгерлерге шынайы ризашылығын білдірді. Ал, аталған сарбаздар ынталандыруға ұсынылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).