Оралда ұмыт қалған қолөнер түрлері жаңғыртылуда

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында ерекше шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылордалық қолөнер шеберлері Жақсыгүл Жармақанова мен КүлайшаЖаңашева табиғат аясында киіз басудан, ши және алаша тоқудан шеберліктерінортаға салды. Ұршық иіруден бастап, өрмек өрудің қыр-сырын баяндап,жиналғандардың сауалына жауап берді.

Шеберлер жасы 80-ге жақындағанына қарамастан әлі де белсенді. Оларұлттық өнерді өскелең ұрпаққа үйретуді, баба мұрасын болашаққа жалғаудыпарызымыз деп біледі. Жайық жеріне де әжелер «Жайлаудағы бір күн» фестивалінеарнайы шақырту бойынша келіпті.

«Түйенің шудасынан иіріп аламыз, мықтылау болады. Қойдың жүнінен көбінекиіз басамыз, түр киіз, тұс киіз дейді, кәдімгі үйдің ішіне төсейтін киіз. Оғанда осындай түр саламыз. Бұл енді сәндікке әдемі, әрі жылы болады»,-дейді қолөнер шебері Күлайша Жанашева.

«200-дей шеберлер бар, бағыттары алуан түрлі. Бірақ алаша тоқу, ши тоқудеген бізде ұмыт қалған. Қазіргі уақытта олардың кейбірі біледі, кейбірі балакезде көрген. Бірақ соны қайта бастау үшін әжелеріміз келіп, шеберлік сабақтарынөткізіп жатыр. Бұйырса, біздің өңірде де алаша тоқу, ши тоқу өнері қалпынакеледі деген ойдамын»,-деді шараныұйымдастырушы Айболат Құрымбаев.