Оралда «Ұршық пати» іс-шарасы өтті

Фото: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі баспасөз қызметі

ОРАЛ. KAZINFORM – Бүгін Орал қаласының  Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Жастар мәдениет сарайының ұйымдастыруымен қалалық көрме залында Қолөнершілер одағының мүшесі, қолөнер шебері, «Urshyk» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Лаубайқызының «Ұршық пати» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қолөнер бұйымдарының заманауи үлгісін қолдану арқылы қолөнершілердің жеке брендін қалыптастыру, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шарада шеберлік сағаты ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдары таныстырылып, қыз-келіншектерге ұршық үйірудің қыр-сыры көрсетілді.

Фото: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі баспасөз қызметі

Атаулы іс-шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев қатысып, бастаманың өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екенін жеткізді. Сонымен қатар «Атамекен» комьюнити орталығының «Сәулем-ай» әжелер ансамблі мен Аслан, Жасұлан Зинеденовтер өнер көрсетті.

Фото: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі баспасөз қызметі

Іс-шара соңында Бибігүл Карденоваға облыс әкімінің атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді. Шеберлік сағатына қатысқан қала тұрғындары алған әсерімен бөлісіп, «осы секілді ұлттық құндылықтарды насихаттайтын іс-шаралар көбірек болса екен» деген ізгі ниетін білдірді.

Фото: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі баспасөз қызметі
Фото: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі баспасөз қызметі