ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда үш автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 25 наурыз күні сағат 21.40 шамасында орын алды.
Еуразия даңғылы бойындағы №8 орта мектеп аялдамасы тұсындағы бағдаршамда жол апаты салдарынан мотоциклші зардап шекті.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, екі адам жарақатпен облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мас жүргізуші айдаған көліктің көпірден ұшып кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).