Оралда үш автокөлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты
11:27, 07 Қаңтар 2024
Оралда үш автокөлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.
Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция баталонының командирі, полиция подполковнигі Еламан Уәлиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 6 қаңтар күні кешкісін айналма жолда «Октан» жанар-жағармай стансасы маңында болды.
«Шамамен сағат 20.05-те үш автокөлік түйісіп, оқиға орнынан ауруханаға 5 жолаушы жеткізілді. Біреуі жарақат пунктіне барар жолда көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», — деді Е.Уәлиев.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал кафесіндегі жарылыс бойынша жалға алушының қамауға алынғанын жазған болатынбыз.