ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда үшінші қабат терезесінен құлап кеткен 5 жасар бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 11.06-да С.Есқалиев көшесі 227-мекенжайында орналасқан бес қабатты үйде болды.
«Ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 жылғы бала үшінші қабаттан құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша баланың жағдайы орташа, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оң иығы шыққан», деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ток соққан екі ер адамның жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.
Жансақтау бөлімінде жатқан ер адам өткен сенбі күні көз жұмды.
Қазіргі кезде бұл оқиға бойынша комиссия тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).