ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында темір жол станциясы аумағында орналасқан ғимараттың (ангар) шатыры отқа оранды.
Фото: БҚО ТЖД
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 5 сәуір күні түскі сағат 13.21-де болды.
— Аумағы 150 метрді қамтыған «тілсіз жау» сағат 14.23-те оқшауланып, 14.43-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Ангар ішінде вагондар болған. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты іс-қимылы нәтижесінде жалын таралмай, вагондарға тиген жоқ. Алдын ала болжам бойынша от өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан шыққан. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
Фото: БҚО ТЖД
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да биыл 3 айда 135 өрт оқиғасы тіркелгенін жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).