ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін велосипед мінген адамды автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға түсқайта Деркөл кентіне барар жолдағы көпірде болған. «Сиат» ныспылы автокөлік велосипед мінген адамды қағып кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге сағат 15.21-де қоңырау шалынған. Жасы шамамен 35-тегі ер адам жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болып кеткен.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұл - Оралдағы осындай үшінші оқиға. Бұдан бұрын «КамАЗ» жүк көлігінің велосипед мінген адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).