ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда волейболдан 2001-2003 және 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында «Достық-Дружба» халықаралық турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Волейболдан жасөспірімдер арасында БҚО құрамасының аға бапкері Сергей Казактың айтуынша, дәстүрлі жарыс биыл осымен оныншы мәрте өткізілді.
Жас ерекшеліктеріне қарай екі топта барлығы 16 команда күш сынасты.
Турнир қорытындысында 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында Орынбор қаласының командасы (үздік ойыншы - Эдуард Суханов) жеңімпаз атанды. Оралдықтар (үздік ойыншы - Станислав Грищенко) екінші, Новокуйбышевск (Ресей) командасы (Владислав Щукин) үшінші орынға ие болды.Қазталов ауданының Жалпақтал волейболшылары үздік төрттіктің қатарынан көрінді.
2001-2003 жылғылар арасындаАқтөбе қаласының командасы (үздік ойыншы - Бекарыс Ғабитұлы) жеңіс тұғырына көтерілсе, шымкенттіктер (Тұрсын Досалы) мен алматылықтар (Егор Кривенко) жүлделі орындарды бөлісті. Оралдықтар төртінші орынға табан тіреді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).