Оралда волейболдан қыздар арасында Қазақстан қысқы чемпионаты аяқталды
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында волейболдан 2008-2009 жылғы қыздар арасында Қазақстан қысқы чемпионаты мәресіне жетті.
Фото: «Грация KZ» клубынан
Біріншілікке барлығы 13 команда қатысып, жүлделерді сарапқа салды.
Жарыс қорытындысында Оралдың «Грация KZ» командасы жеңімпаз атанды.
Фото: «Грация KZ» клубынан
Солтүстік Қазақстан облысының қыздары күміс жүлдеге қол созса, ақтөбеліктер үздік үштікті түйіндеді.
- Мұндай бәсекенің жас қыздардың шеберлігін арттыруда маңызы зор. Оған қоса ертең негізгі ойыншылардың орнын басатын резервтің қаншалықты екендігін біле түсеміз. Осы құрамнан оралдық үш қыз Петропавлда ұлттық лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Грация KZ» клубына қосылды, - деді Kazinform тілшісіне «Грация KZ» командасы бапкерлерінің бірі Нұрсұлу Ғұбашева.
Фото: «Грация KZ» клубынан
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Петропавлда волейболдан әйелдер арасында ұлттық лига командалары сынға түсетінін жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).