ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда волейболдан 1999-2000 жылғы қыздар арасында Қазақстанның күзгі чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4-9 қараша аралығында өткен біріншілікке барлығы алты команда қатысып, бақ сынады.
Жарыс қорытындысында Ақтөбе облысы командасы жеңімпаз атанды. Алматы облысының қыздары екінші, батысқазақстандықтар үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ Айдана Батаева (Павлодар) «Үздік байланыстырушы», Мәдина Бекет (Ақтөбе) «Үздік либеро», Александра Волощенко (Ақтөбе) «Үздік шабуылшы», Татьяна Никитина (Алматы) «Үздік ойыншы» аталымдары бойынша марапатталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).