Алғашқы 3 турдың қорытындысы бойынша «Алматы» командасы 29 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келе жатыр. Үздік үштікті түйіндеп тұрған Хромтаудың «ТНК Қазхром» (25 ұпай) мен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (24 ұпай) командаларының арасын 1 ұпай ғана бөліп тұр. Қазіргі кезде турнир кестесінің екінші жартысындағы Қызылжардың «Есіл» (20 ұпай), Оралдың «Конденсат» (19 ұпай) және Атыраудың «Атырау» (18 ұпай) волейболшылары да бір-бірін өкшелеп келе жатыр. Айналым жүйесі бойынша өтетін ел чемпионаты жарысқа қатысатын 6 қаладағы 6 турға созылады. Бұған дейін оның үшеуі өтті.
17:39, 03 Наурыз 2011
Оралда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 4-туры өтеді
АЛМАТЫ. 3 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Оралда 8-13 наурызда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары болады.