ОРАЛ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жеке кәсіпкер Зулейха Нұрхатованың үстінен қылмыстық іс қозғаған болатын,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралары барысында қаржы полициясының қызметкерлері Орал қаласындағы аталған кәсіпкерге тиесілі «Жанна» дүкенінен 139 мың теңгенің түрлі ішімдік өнімін тапқан. Жеке кәсіпкердің алкоголь өнімдерін сатуға арнайы рұқсаты болмаса да, дүкенде арақ-шарап сатылып келген. Осыған байланысты З.Нұрхатованың үстінен ҚР ҚК 190-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, Орал қалалық сотының үкімімен ол 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылып, сонша жыл сынау мерзімі белгіленді. 247 шыны алкоголь өнімі мемлекет пайдасына тәркіленді.
Бұл - З.Нұрхатованың алғашқы айыбы емес. Өткен жылы осыған ұқсас қылмысқа барғаны үшін Орал қалалық сотының үкімімен оған 381,9 мың теңге көлемінде айыппұл салынған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).