Оралда зейнеткер әйел сегізінші қабаттан құлап, қаза тапты
19:34, 12 Мамыр 2025
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында Зачаган кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 5 мамыр күні 67 жастағы әйел сегізінші қабат терезесінен құлап, қаза тапқан.
- Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем станциясына сағат 16.42-де қоңырау шалынған. Марқұм жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында ток соққан баланың көз жұмғанын жазған едік.