ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жалған ақша жасап, өткізушілер ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, қылмыстық топ қаңтар айында қолға түскен. Олар облыс аумағында азаматтардың сеніміне кіріп, 20 мың теңгелік (сериясы мен нөмірлері АА 0000000) жалған ақшаларға түрлі тауарлар алған.
Қазіргі кезде БҚО мемлекеттік кірістер департаменті жалған ақшаға алданып қалған азаматтар болса, сенім телефонына (53-84-27) хабарласуын өтініп отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).