Оралда жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды

None
ОРАЛ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда бүгін жалпықалалық сенбілік өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің арнайы қаулысына сәйкес қыркүйектің 4-інен тазалық айлығы жарияланып, арнайы штаб құрылды. Штаб жетекшісінің орынбасары, «Орал қаласы әкімдігі іс басқармасы» МКҚК директоры Наурызбай Әділбаевтың сөзіне қарағанда, сенбілікке әзірлік тиянақты, жауапкершілікпен жүргізілді. Қала 20 аумаққа бөлініп, оған меншік түріне қарамастан, мекемелер мен шаруашылық нысандары бекітілді. Көп салалы жол пайдалану кәсіпорны қоқыс тасу үшін 50 автокөлік бөлді, бұдан басқа мекемелер де тыс қалмайды.

Оралда кенттік округтерді қоса есептегенде, сенбілікке әдеттегідей студент жастар, оқушылар, мекеме-ұйымдар қызметкерлері, қала тұрғындары, барлығы 35 мыңдай адам қатысуда.