Оралда жаңа мәдениет сарайы салынбақ - Алтай Көлгінов

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы жаңа алаңда 1400 орындық мәдениет сарайы салынбақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, шаһарда заманауи концерт залы жоқ.

«Көпшілік жиналатын шаралар теннис орталығында, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратының залында, одан қалды концерттік бағдарламалар «Зенит» зауытының мәдениет сарайында өтіп жүр. Бұл дұрыс емес. Сондай-ақ жекеменшіктегі кейбір концерт залдарының қашаннан бері жөндеу көрмей тұрғанын да айту керек. Сондықтан біз осындай шешім қабылдадық», деді әкім.

Еске сала кетейік, биылғы жыл соңына дейін Оралда «Рухани жаңғыру» музейі іске қосылатын болады.