Оралда жаңа сот ғимараты ашылды
Салтанатты шараға қатысқан ҚР Жоғарғы соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров жергілікті бюджет есебінен жаңа сот ғимараты беріліп отырғанын айтып, осыған орай ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмидің атынан өңір басшысына алғысын білдірді.
Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес сот жүйесіндегі жаңғыртулардың табысты жүргізілуі оның материалдық-техникалық базасына да байланысты. Осыған орай еңселі ғимараттің ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әрі Конституция күні қарсаңында ашылуы ерекше қуаныш үстейді.
Сот ардагері, ҚР Сот жүйесінің құрметті қызметкері Қуаныш Әбуов Елбасының құқықтық мемлекет қалыптастырудағы зор еңбегін, мұндай ғимараттың сала қызметкерлері үшін айтулы сый екендігін жеткізді. Бұдан кейін ғимаратты тұрғызған «Жиенбай» ЖШС басшысы Александр Қарағойшин Орал қалалық №2 сотының төрағасы Мұрат Иманбаевқа бейнелі кілтті табыс етті.
Шара барысында сонымен қатар Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге қойылған ескерткіш те ашылды.