ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында 105 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, 31 желтоқсанда 16 қыз, 13 ұл, 1 қаңтарда 19 қыз, 8 ұл, 2 қаңтарда 14 қыз, 14 ұл, кеше 11 қыз, 10 ұл бала өмір есігін ашты. Қалалық перзентханадан басқа облыстық перинаталдық орталықта ауылдардан келген аналардың да босанатындығын ескеру керек.
Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, тәуелсіздік жылдары қазіргі заманғы медицина жетістіктерін қолдану нәтижесінде сәбилердің шетінеуі 3,5 есеге (мың адамға шаққанда, 1991 жылғы 26,2-ден 2016 жылғы 7,4-ке дейін) азайды. Аналардың өлім-жітімі де 25 жыл ішінде 77,1 пайызға (100 мың тірі туылғанға 1991 жылғы 68,5-тен 2016 жылдың қорытындысы бойынша 15,7-ге дейін) қысқарды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).