ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жанар-жағар май стансасы жанында автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаменті зілзалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға кеше сағат 20.19-да Зачаган кенті Жәңгір хан көшесі бойында болған.
«Нефтэк» ЖШС жанар-жағар май құю стансасы ауданында «Nissan Pathfinder» автокөлігінің мотор бөлігі отқа оранды.
«Тілсіз жау» БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен (6 адам, 1 техника) сағат 20.37-де ауыздықталды.
Департамент көлік құралдарының отқа шалынбауы үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).