ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында велосипед мінген ер адамды автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин мәлім еткендей, оқиға 2 маусым күні кешкісін Пугачев пен Исатай-Махамбет көшелерінің қиылысында болды.
«Лада Приора» автокөлігі Жәңгір хан көшесіне қарай бұрылған мезетте Пугачев көшесі жақтан келіп қалған велосипедшіні қағып кетті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем бригадасы сағат 20.59-да жетті.
Алдын ала мәліметке қарағанда, 45 жастағы ер адам жабық бас-ми жарақатын алған. Миына зақым келіп, самайынан да жарақат алған. Жансақтау бөліміне түскен ер адамның жағдайы ауыр. Ота жасалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда науқасты ауруханаға апара жатқан санитарлық көліктің жол апатына ұшырағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ БҚО тұрғыны құны 4,5 млн астам теңге тұратын киікті тірідей ұстап алған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).