ОРАЛ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Оралға қарасты Зачаган кентінде жас отбасыларға арналған, әрқайсысы 90 пәтерлік қос көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Осыған орай қала әкімі Алтай Көлгінов баспаналы болғандарды Жаңа жылмен және қоныс тойларымен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті. Қос үйді тұрғызған «Марасан» және «СВ » ЖШС-ға ризашылығын білдірді.
«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес жас отбасыларға арналған тағы екі үй алдағы жылдың бірінші тоқсанында іске қосылатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).