Оралда жас жігіт оныншы қабаттан секіріп кетті
18:11, 16 Тамыз 2017
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін түске таман 6-шағынаудандағы 58-үйдің оныншы қабатынан жас жігіт секіріп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, марқұм 18-20 жас шамасында болған.
Қазіргі кезде оның тұлғасы және оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.