ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жас жүргізуші атвокөлігімен әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 қаңтар күні сағат 02.51 шамасында болды.
1996 жылғы жүргізуші «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігімен Құрманғазы мен Н.Савичев көшелерінің қиылысында белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 1984 жылғы әйелді қағып кетті.
Оқиға салдарынан жаяу жүргінші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Медициналық куәландыру бойынша жүргізуші ішімдік ішпеген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).