ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жасанды су қоймасында екі бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін қалаға қарасты Желаев кентіндегі жасанды су қоймасында орын алған.
Екі баланың су қоймасындағы аралға өз бетімен жүзіп барып, кері қайта алмай жатқаны жөнінде мәлімет сағат 16.12-де келіп түскен.
Сол бойда оқиға орнына құтқарушылар (4 адам, 1 техника және жүзу құралы) жетті. Сағат 17.00-де 2005 және 2006 жылғы балалар аман-есен жағаға жеткізілді.
Оралда соңғы күндері күн қатты ысып, бүгін температура тілі 34-35 градусқа дейін көтерілді. Соның әсерінен биыл суға түсу де ерте басталып кетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).