ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалып кеткен жасөспірім іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Анасы Елена Бурьянованың айтуынша, 16 жасар Михаил Марченко 24 ақпан күні үйінен сағат 17.00 шамасында шығып кеткеннен оралмаған.
Оның жоғалып кету себебі белгісіз. Телефоны айырылулы.
Жаңаөзеннен көшіп келген отбасы Оралда пәтер жалдап тұрады. Михаил Марченко қаладағы А.Иманов атындағы жол-көлік коллдеджінде оқиды.
«Ол жаңа жыл алдында да үйден кетіп қалып, үш күн келмеген еді. Студенттер «Жазира» шағынауданы жақтан көрдік дегенді айтады, бірақ бұл анықталмаған дерек болып тұр. Ұлым туралы білетіндер болса, 8-778-850-12-87 немесе 102 телефонына хабарласса дейміз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Е.Бурьянова.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).