ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жасөспірім өзінің құрдасын атып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Оқыс оқиға 21 қаңтар күні орын алған. Үй иесінің ұлы қонаққа келген балалардың бірін мылтықпен абайсызда атып алған.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мұндай оқиғаның болғандығын растап, ресми мәліметті кейін беретіндігін жеткізді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалидың айтуынша, қазіргі кезде 14 жасар жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы ауыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).