ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында жасөспірім қыздың соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Куәгердің Instagram әлеуметтік желісінде мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні болды.
Оның жазуына қарағанда, екі жасөспірім қыз кәмелетке толмаған құрбысының ішінен жұдырықпен ұрған. Қыз құлап, басын тасқа соққан, аяғында жарақаты бар.
«Осының бәрі екі ұл баланың көзінше болды. Олардың бірі қызды серуендеуге шақырған. Сол жерде екі бұрынғы құрбысы күтіп тұрған. Қазіргі кезде анасы мен қызы полиция бөлімшесінде, олардан жауап алынуда», деп жазды куәгер.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында 22 жастағы жігітті өлтірген тұрғынның ұсталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).