ОРАЛ. 28 маусым. ҚазАқпарат - «Өркен» қосымша білім беру орталығында «Жастар есірткіге қарсы» атты екі күндік облыстық фестиваль өткізіліп, оған жастар ұйымдары, облыс аудандары мектептері командалары қатысты.
Облыстық білім басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті, жетекші жастар ұйымдары бірлесіп ұйымдастырған шара барысында медицина қызметкерлері, психологтар, педагогтар нашақорлыққа тосқауыл қою жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе, есірткіге тәуелділердің жасаруы алаңдатады. Мектеп командалары өз әлеуметтік жобаларын таныстырды. Дөңгелек үстел отырысында, тренингтік сабақтар кезінде нашақорлықпен күрестің алдын алу үшін түсінік жұмыстарын кең көлемде жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас наркологы Ерлан Шомбаловтың айтуынша, соңғы кезде есірткіге тәуелділер саны азайған. Қазір өңірде 1400 адам наркодиспансерде есепте тұр, бұл өткен жылдарға қарағанда, едәуір төмен. Әйтсе де бұған қарап тоқмейілсуге болмайды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).