Басқарма басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллиннің айтуынша, осы мекеменің бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағановтың ісі бойынша куәгерлерден (жаттықтырушылар мен басқа да қызметкерлерден, барлығы 28 адамнан) 123 млн теңге өндіру туралы талап-арызды сот қанағаттандырмады.
«Сот талап-арыз беру мерзімі өтіп кеткендіктен және куәгерлер кінәлі болып табылмағандықтан, осындай шешімге келді. Біз бұдан кейін апелляциялық шағым бермейміз, осымен тоқтадық», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Ж.Нығметуллин.
Еске сала кетейік, БҚО бұрынғы спорт басқармасы басшысының ісі бойынша куәгерлерден 123 млн теңге өндіру көзделіп отырғанын біз бұдан бұрын жазған болатынбыз.
13:25, 27 Сәуір 2018
Оралда жаттықтырушылар мен қызметкерлерден 123 млн теңге өндіруден бас тартылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық №2 соты Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының талап-арызын қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.