Оралда «Жауқазын - 2016» жобасы аясында жаңақалалық жастардың көрмесі ашылды
Оның ашылу барысында аудан әкімінің орынбасары Айзада Шүкірғалиева көрменің таңдаулы жұмыстардан жасақталғанын жеткізіп, шараға келген ауданның құрметті азаматтары мен ардагерлеріне алғысын білдірді. Меймандар дәмнен ауыз тиіп, жаңақалалық жас өнерпаздардың ән-биі мен күйін тамашалады.
Көрмеге аудандық шығармашылық орталығы ұстаздары мен шәкірттерінің графика, мүсін, гравюра, бисер мен ағаштан, киіз бен былғарыдан, ермексаздан жасалған 160 қолөнер туындысы қойылды. Көрме 20 қазанға дейін созылмақ.
Аталмыш мұражай директорының орынбасары Нұргүл Нұрхатқызының айтуынша, бұл - осымен өз туындыларын қойып отырған оныншы аудан. «Жауқазын - 2016» жобасы тәуелсіздік күні қарсаңында қорытындыланып, үздік 25 жұмыс таңдалып алынып, мұражайға қойылатын болады.