Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жолдан тыйым салынған жерден өтпек болған жаяу жүргінші - 1962 жылғы Иван Запрометов оқиға орнында қаза болды.
БҚО ІІД қызметкерлерінің тексеруі барысында автокөлікті Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімі жол полициясы тобының аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция аға лейтенанты К.Ақжігітовтің басқарғаны және ол оның жеке автокөлігі екені анықталды.
Полиция қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабына сәйкес Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.
21:10, 30 Наурыз 2013
Оралда жаяу жүргінші полиция қызметкері көлігінің астында қалып, мерт болды
ОРАЛ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - 29 наурыз күні таңертең Орал қаласында Тайманов көшесі бойындағы «ОралЖанОйл» жанар-жағар май құю стансасы тұсында мемлекеттік нөмірі L 929 NРМ «Ауди А6» автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті.