«Жұмылдырылған күштер мен техникалар үш апта бойы атқарған жұмыстар өз нәтижесін берді. Өңірлерден 1000 жуық арнайы техника, 2000 астам сарбаз келген болатын. Орал қаласының өзінде 45 км бөгет салынды, облыс бойынша жалпы 150 км дамбы салынды. Соның арқасында Ақжайық ауданында су тұрақталып жатса, Жайық өзенінің Оралдағы деңгейі күннен-күнге 2-4 см төмендеп келеді», - деді спикер.
Кешенді жұмыстардың нәтижесінде қауіп төнген 84 елді мекеннің бірде-біреуін су басқан жоқ. Тек саяжай учаскелері ғана су астында қалды.
Орал қаласындағы бөгеттер ерекше бақылауға алынған, адамдар судың елді мекендерге өтуін қадағалап жатыр.
Бұған дейін Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылында 25 сантиметрге көтерілгенін жазған болатынбыз.