Оралда Жайық өзенінен өтетін көпір көлік қозғалысы үшін ашылды

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында халықаралық маңызы бар Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы жолының 254-262 шақырымында орналасқан Жайық өзенінен өтетін көпір орташа жөндеуден өтті. 

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" БҚО филиалы

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Асылбек Марданның мәлім еткеніндей, бүгіннен бастап көпір көлік қозғалысы үшін ашылды. Оның сөзіне қарағанда, деформацияланған жіктер ауыстырылып, жол жабыны жаңартылды. 

– Жоба құны – 1,2 млрд теңге. Қазіргі таңда көпірде қосымша жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, жол белгілері орнатылып, жиектер абаттандырылуда, - деді А.Мардан. 

Аталмыш көпірді жөндеу жұмыстары 17 тамызда басталып, бастапқыда 1 тамызға дейін жабу көзделген еді. Кейін ол 5 тамызға дейін ұзартылды. Осыған дейін көліктер Меловые горки (Бортау) жағындағы айналма жол арқылы қатынап келді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Жайық өзеніндегі көпір екі аптаға жабылатынын жазған едік.