ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында РУ-172/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушіге ұялы телефон бермекші болған тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мекеме қызметкерлері ұялы телефонды пакеттегі азық-түліктің астына жасырылған жерінен тапқан.
Тыйым салынған зат тәркіленіп, оны жазасын өтеушіге жеткізбек болған ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 481-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды.
Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы 22690 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Айта кетейік, түзету мекемелеріне тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін жыл басынан бері 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).