ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жексенбі күндері қоғамдық көліктер жүрмейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев биылғы 21 қаңтардағы «Батыс Қазақстан облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» № 2-БМСДҚ қаулысына толықтыру енгізді.
Соған сәйкес дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу үшін қоғамдық көліктер жұмысы 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығындағы жексенбі күндері тоқтатылады.
Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда карантиндік шектеу шаралары күшейтілетінін, өңірде 8500-ден астам медицина қызметкерін егу көзделіп отырғанын жазған болатынбыз.
Оралда сондай-ақ соңғы үш күнде 180 адам коронавирус жұқтырды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).