Оралда жеңіл автокөлік бағанға соғылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жеңіл автокөлік бағанға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңертең Гагарин көшесінің бойында орын алды. «Лада Гранта» автокөлігі электр бағанға келіп соғылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 08.34-те жеткен.

«1956 жылғы ер адам кеуде тұсынан жарақат алған. Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, бірнеше сағаттан кейін осы тұстағы тағы бір баған жолай өтіп бара жатқан автокөлікке құлаған. Оның жүргізушісі жарақат алмаған.

Фото: mgorod.kz