ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жеңіл автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстықТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кешесағат 16.37 шамасында болды.
Жәңгір хан көшесі бойындаШаған өзенінен өтетін көпір маңында 1991 жылы шығарылған Volkswagen Jettaавтокөлігінің мотор бөлігі мен салоны өртенді.
Өртті сөндіруге жекеқұрамнан 5 адам 1 техникамен барды.
«Тілсіз жау» 16.49-даоқшауланып, 17.13-те ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ.
Осылайша өңірде жылбасынан бері өртенген жеңіл көліктер саны 42-ге жетті.
Еске сала кетейік, бұданбұрын БҚО-да жол бойында Lexus автокөлігінің жаныпкеткенін жазған болатынбыз.
Иллюстрациялық фото
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).