Оралда жеңіл көлік арнайы техникамен соқтығысып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жеңіл көлік арнайы техникамен соқтығысып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 8 қазан күні сағат 00.02-де Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесінде болды.

«Таза қала» ЖШС-на тиесілі ЗИЛ арнайы автокөлігі «Лада Гранта» көлігімен түйісті.

Соның салдарынан түрлі жарақат алған жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Оның қасында болған жолаушыны дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне қайтарды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің аялдаманы қиратып кеткенін жазған болатынбыз.