ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең сағат 07:55 шамасында Жайық өзенінен өтетін көпірде 1984 жылғы жүргізуші Volkswagen Golf 3 автокөлігін айдап келе жатып, «Жайық таза қала» ЖШС-ның екі жұмысшысын қағып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, 1956 жылғы жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан. 1980 жылғы екінші жұмысшы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Олар сол көпірді сырлау жұмыстарын атқарып жатқан. Сол жерде белгі де тұрған.
Жүргізушінің сөзіне қарағанда, салондағы баласына алаңдап, аңдамай қалған.
«Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деді М.Ғабдуллин.
Батыс Қазақстан. ҚазАқпарат.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).