АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда жеңіл автокөлік локомотивпен соқтығысып, екі жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін түнде "Променад" сауда үйі маңында орын алды. "ВАЗ-2114" автокөлігі бірнеше жүк вагонымен кетіп бара жатқан локомотивпен соқтығысқан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге хабар оқиға болған Сырым Датұлы мен И.Ларин көшелерінің қиылысынан сағат 03.30-да түскен. Жедел жәрдем көлігі алты минуттан кейін жеткенімен, 26 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болды. Ашық бас-ми жарақатын алған 25 жасар жігіт қалалық көпбейінді ауруханаға барар жолда жан тапсырған.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).