Оралда Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт қойылды

None
ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мамырдың 8-інде А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт қойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Театрға осыған орай соғыс және еңбек ардагерлері, облыс, қала жұртшылығы жиналды. Олар өңірге танымал облыс өнерпаздарының күшімен қойылған мерекелік бағдарламаны тамашалап, еліміздің өткенін еске түсірді. Жеңіс күніне арналған мәдени-спорттық шаралар алдағы демалыс күндері де жалғасады.