ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында жол-көлік оқиғасынан әйел адам мерт болды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 наурыз күні шамамен 22.10-да болды.
Жүргізуші «Ауди 80» автокөлігімен Жәңгір хан көшесі бойында Шаған өзенінен өтетін көпір маңында әйел адамды қағып кеткен.
— Марқұм жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да аудан әкімдігінде төбелес кезінде ауыр жарақат алған ер адамның палатаға шығарылғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).