ОРАЛ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов 8 желтоқсан күні жетім өскен үш бірдей жасқа пәтер кілттерін табыс етті.
Тәуелсіздік мейрамына орай үйлі болғандардың бірі, 22 жасар Алтынбек Отанов жақында үйленген. Ал тәуелсіздік құрдасы Лунара Құлбаева «Күбілей» кәсіпорнында еңбек етеді. Ал 26 жасар Сергей Марков - наубайханашы. Енді оған да жар сүйіп, шаңырақ көтеруге мүмкіндік туып отыр.
С.Оразовтың айтуынша, соңғы жылдары Оралда облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қолдауымен балалар үйлері тәрбиеленушілеріне жаңа пәтер беруге айрықша көңіл бөлініп келеді. Тек 2010-2011 жылдары оларға 161 пәтер берілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).