Оралда «Жігіттер» квартеті мен Асқар Жүнісбеков өнер көрсетті
16:23, 24 Ақпан 2009
ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы «Зенит» мәдениет сарайында «Жігіттер» квартеті мен Асқар Жүнісбеков өнер көрсетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әншілер өз репертуарындағы туындыларын оралдық көрермендер назарына ұсынды. Өнерпаз жігіттер, әсіресе, жастарға жақсы әсер қалдырды.
Наурыздың 2-сінде осы мәдениет сарайында жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева концерт қоймақ.